Онлайн марафонның меймандары халықтың саяси белсенділігін жоғары бағалады
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ел бірлігі бекем, ынтымағы берік болса, бейбітшілікті мәңгі сақтауға болады. Бүгін онлайн марафонның мәртебелі меймандары халықтың саяси белсенділігін жоғары бағалады.
Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Халықтың көңіл күйі жақсы киімдерін киіп, референдумда дауыс береміз деп. Аталарымыз баларын, немерелерін ертіп келе жатқанды көрдім. Оның барлығы осы өздерінің болашақ Қазақстанның болашағын айқын болсын деген, өз үлесін қосайын деген адамдардың патриоттық сезімдері деп ойлаймын. Сондықтан да бүгінгі бүгін өте тарихи маңызды күн деп айтамыз.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің жалпы халықтың өз ойын, өз ниетін жеткізуге қазір үлкен мәдениет пайда болып жатыр деп есептеймін. Өзім бүгін референдумға қатысып, дауысымды бердім. Кісі қарасы азанымен көп болды. Бұл нені білдіреді? Жалпы бұл біздің елде көптеген маңызды ел ішінде ел мәселелері халықтың қатысуымен шешілуі керек деген үлкен мәдениет қалыптасып жатыр.
Акбаржан Исмаилов, Республикалық Тәжік этномәдени орталығының төрағасы:
Бүгін үлкен керемет күндердің бірі. Ол мынау қасиетті айда біздің мына өтіп жатқан референдум, таңертеңнен еліміз үшін, жеріміз үшін, өз таңдауымызды жасап дауыс бердік. Бұл адам өміріндегі парыз, міндет деп айтсақ болады. Таңертеңнен көріп барып жатырмыз ғой, әсіресе көп қатысып жатқан жастар. Қуантатын жайт.
Сондай-ақ бүгін - қайырымдылық күні. Бұл күн – мейірімділік пен татулықты насихаттайтын, адамдарды жақсылық жасауға үндейтін ерекше күн. Осындай ізгі қасиеттер елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдарда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Мұқаш Ескендіров , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бүгін тарихи күн болып жатыр деп ойлаймын. Қазақстан халқы өзінің болашағын таңдап жатыр. Мұның бәрі Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп жатыр. Сондықтан кешелі бері өзіміз дәстүрлі көктем мерекесімен Қазақстан халқын құттықтағым келіп отыр.
Ақан Әбдуалиев, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» бірлестігінің директоры:
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағында бір-бірімізбен құшақтасып амандасып, қарқ боп қалдық. Бүгін соның жалғасы, қайырымдылық. Қайырымдылық – адамның жүрегінде, ниетінде. Біреуге күліп қарасаң оның өзі – қайырымдылық.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел тұрғындары саяси науқанды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды
16.03.2026, 01:08
«Референдум – 2026» онлайн марафоны өз мәресіне жетті
16.03.2026, 00:14
«СОЦИС-А»: Референдум бойынша Еxit poll нәтижесі жарияланды
16.03.2026, 00:13
Спорт саңлақтары дауыс берді
16.03.2026, 00:13
Алматыда зиялы қауым өкілдері дауыс берді
16.03.2026, 00:12
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Фейк хабарламалар тарауы мүмкін
16.03.2026, 00:11
Халықаралық байқаушылар референдум жайлы оң пікір білдірді
16.03.2026, 00:10
Сарапшы: Халықтың таңдау жасауы – демократияның белгісі
16.03.2026, 00:09