Халықаралық байқаушылар референдум жайлы оң пікір білдіріп жатыр
Бүгінгі референдумге қатысып, учаскелердегі жұмыс барысын қадағалаған халықаралық байқаушылар оң пікір білдіріп жатыр. Олардың жалпы саны – 359 адам болды. Кейбірі Астанаға бірнеше күн бұрын келіп, алдын ала дайындық жүргізген. Бүгін байқаушылардың әрқайсысы оннан аса учаскені аралап, таңнан кешке дейін бақылау жүргізді.
Референдумның ашықтығын бақылауға келгендер қатарындаТМД-ның байқаушылар миссиясы, ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылар тобы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясы, Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық байқау миссиясы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және бірқатар басқа халықаралық құрылымдардың өкілдері бар.
Зияфет Аскеров, ТМД Парламентаралық ассамблеясы байқаушылар миссиясының үйлестірушісі:
Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Учаскелердегі техникалық-ұйымдастырушылық жоғары деңгейде. Ешқандай ескерту жоқ, барлығы заңға сәйкес өтіп жатыр.
Астанадағы учаскелердгі жұмысты қадағалап жүргендердің бірі Түркиядан келген делегация. Олар әуелі бауырлас елді амал мерекесімен құттықтап, референдум туралы пікірімен бөлісті.
Ахмет Йенер, Түркия республикасы жоғары сайлау кеңесінің төрағасы:
Бүгін Қазақстанның демократиясында өте маңызды күн. Референдум учаскелерін аралағанда барлық процестің ашық өтіп жатқанын байқадық.
Ал «Америка-Еуразия» орталығының вице-президенті Ральф Винни бұл референдум елдің инвестициялық әлеуетіне оң әсер етуі мүмкін деп пікір білдірді.
Ральф Винни, Халықаралық байқаушы, «Америка-Еуразия» орталығының вице-президенті:
Қазақстан Орта Азия аймағындағы ең ірі экономиканың бірі. Жалпы, бизнес пен ірі компаниялар Қазақстанға келіп инвестиция салуы үшін олар елдегі құқықтық жүйенің тұрақты әрі болжамды екеніне көз жеткізгісі келеді. Яғни, егер олар сотқа жүгінсе, заңгерлер қорғалатынын және ойын ережелері кейіннен өзгеріп кетпейтінін білгісі келеді. Бұл референдум осы тұрғыда маңызды рөл атқарады.
Халықаралық байқаушылар дауыс беру барысындағы тәртіп пен ашықтықты ғана емес, азаматтардың пікірі мен көңіл-күйін де бағамдап, зерделесе керек.
Алексей Чепа, халықаралық байқаушы:
Бұған дейін халықпен тілдесіп, пікірлерін білген едік. Тұрғындар Референдумның маңыздылығын жақсы түсінеді. Және алдағы уақытта оң өзгерістер боларына сенеді.
Халықаралық байқаушылар шетелдік және отандық БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп, референдумның барысы жайлы баяндап отырды. Олардың ортақ пікірі: Бүгінгі тарихи оқиға ашық, әділ және халықаралық талапқа сай өтті.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Лондонда 1 сағаттан кейін дауыс беру аяқталады
16.03.2026, 00:05
Президент республикалық референдумда дауыс берді
16.03.2026, 00:05
Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды
16.03.2026, 00:02
Отандастарымыздың 84 пайызы дауыс берді
16.03.2026, 00:01
Түркістандықтар референдумда ерекше белсенділік танытты
15.03.2026, 23:07
Орал тұрғыны «Фиксиктер» мультфильмінің кейіпкері болып келді
15.03.2026, 23:06
Халықаралық байқаушылар референдум жайлы оң пікір білдіріп жатыр
15.03.2026, 23:05
Өңір тұрғындарының 78,49 пайызы дауыс берді
15.03.2026, 23:05