ІІМ: Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ
Еліміздегі референдум учаскелерінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев осылай деді. Ол «референдум учаскелерінде дауыс санау процесі жүріп жатыр. Жағдай тұрақты және полицияның толық бақылауында» деді. Ал, Бас прокуратура дауыс беру процесі заңға сәйкес өтті деп хабарлады. Тек қадағалаушы органға әзірге 2 өтініш келіп түскен. Олар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «сотқа Ақтөбе қаласындағы референдум комиссиясының шешіміне шағымдану туралы бір арыз түсіп, ол қаралып жатыр» деді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16