Басты Жаңалықтар Онлайн-марафон: Креативті индустрия – экономика драйвері

Онлайн-марафон: Креативті индустрия – экономика драйвері

Онлайн-марафон жұмысы қызу жалғасып жатыр. Медиажобаның 11-ші сағатында Креативті индустрия тақырыбында талқы өтті. Сала сарапшылары қандай түйткілдерге мән берді? Марафон алаңынан тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Данияр Қайыртайдан білейік.

Данияр Қайыртай, тілші:

Иә, Ләйла, бірер минуттар бұрын онлайн-марафонның «Дискуссия» алаңында креативті индустрияны дамыту мәселелері талқыланды. Экономиканың бұл түрі адам қиялынан шығарылған өнімді, контентті сату, одан пайда табу дегенді білдіреді. Ал ой-қиял, білім, интеллект – сарқылмайтын ресурс. Сондықтан басқа экономика салаларынан басты артықшылығы осы дейді талқыға қатысқан мамандар. Халықаралық сарапшылардың есебінше, дүниежүзілік жалпы ішкі өнімдегі креативті индустрияның үлесі, әзірге, 3 пайыздың мөлшерінде ғана. Таяу арада 10 пайызға жететіні болжанып отыр. Бірақ Сарапшылар креативті экономиканың көп бөлігі «көлеңкеде» қалып отырғанын айтты. IT саласы да креативті инсдустрияға жатады. Қазақ жастарының бұл салада да жетістігі аз емес. Мысалы, жақында іске қосылған қазақстандық Aleem білім беру платформасы небәрі үш күннің ішінде 107 елден90 мың қолданушы жинап, әлемді таңғалдырған еді. Онлайн-марафонға сол жобаның авторы келіп,сұхбат бергенін айта кетейін. Біз 16 сағаттық онлайн-медиажобаны ары қарай да бақылаймыз.


Бөлісу