Шекаралық аудан Марқакөлде халықтың бір де бірі қалыс қалмады
Шығыс шекарадағы Марқакөл ауданының халқы да бүгінгі референдумда ерекше белсенділік танытып, түгел дауыс беріп болды. Тіпті кейбір шағын ауылдың тұрғындары таңдауын түске дейін жасап үлгерді. Аудандағы дауыс беруге құқығы бар 4555 азамат тұрады, 29 аумақтық референдум учаскесі жұмыс істеді. 18-ге енді толған 20 азамат алғаш рет дауыс берген. Үш жыл бұрын ғана қайтадан аудан болып құрылған Марқакөлде былтырдан бері 50-ге жуық жоба іске асты. Нәтижесінде инфрақұрылым жаңарып жатыр. Аудан орталығында жаңа нысандар бой көтерді. Ал ескілері жөнделді. Қазір қаладан Марқакөлге көшіп келетін жас отбасылардың саны артып келеді. Бүгінгі референдумда сол жастар жағы өте белсенді болды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03