Басты Жаңалықтар Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр


Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркеп жатыр. Дауыс беру рәсіміне сенімсіздік тудыруға бағытталған фейк, тіпті манипуляция жасайтын жазбалар анонимді яки жаңадан ашылған аккаунттар арқылы таралған. Мұндай жарияланымдардың ең көп саны Threads , TikTok және Facebook платформаларында байқалады. «Бюллетеньдерді жаппай тастау» туралы мұрағаттық бейнероликтер, дауыс берушілер аз деген негізсіз хабарламалар, учаскедегі қақтығыстар туралы шетелде түсірілген ескі видеолар тараған. Науқандарды бақылау тәжірибесіне сүйенсек кешкісін жалған ақпараттар тіпті үдей түседі.


Сондықтан ескеру керек, әрбiр осындай факт бойынша Заңда белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды мұқият болуға, расталмаған жарияланымдарға сүйеніп, асығыс қорытынды жасамауға және фейк жазбаларды таратпауға шақырады. Дауыс беру барысы мен оның қорытындысы туралы ресми мәліметтерді тек уәкілетті мемлекеттік органдар жариялайды.


Бөлісу