Басты Жаңалықтар 81 жастағы егіз әжелер де белсенді

81 жастағы егіз әжелер де белсенді

Астанада 81 жастағы егіз әжелер бар. Олар да еліміздегі қоғамдық шаралардан шет қалмай, референдум сияқты тарихи оқиғаларға белсене атсалысып, таңдау жасап тұрады. Біздің түсірілім тобы бірнеше күн бұрын қазыналы қарияларға барып, хал-жағдайларын біліп қайтқан еді. Кейіпкерлерімізбен бірге танысайық.

Олар 81 жаста. Түр-келбеттері де әлі ұқсас. Көрші-көлем, немере-шөберелеріне дейін ажырата алмай қалып жатады екен.

Ермек Аймағанбетова, зейнеткер:

Енді өсіп өнген кезде бертінде балаларымыз үйлене бастады. Үйленген кезде бізді айыра алмай қалды. Мен енді шаруашылықта жүрдім да, мынау келген ғой, сосын подарка берейін десе, мынаған беріп жатқан көрінеді. Сосын айтатын көрінеді подарка беретін адамыңыз анжақта жүр деп айыра алмай.

Ермек әженің 7 баладан тараған 20 немересі, 8 шөбересі бар. Ал,  Күлпан әже 6 баласынан 18 немере, 4 шөберенің қызығын көріп отыр.  Бір қызығы олардың арасында әлі егіздер жоқ. Қариялар елмін бірге жоқшылықты да, қиын кезеңдерді де бастан өткерген. Өткен мен бүгінді салыстырып, қазіргі  шақтың қадірін жастарға айтып отырады.

Күлпан Аймағанбетова:

Жалпы барлықтарыңызға рақмет. Осы неге жеткізгеніне қуанып отырмын деп отырмын гой. Рақмет айтам. Алла тиыштығын берсін. Көрген жандар қызықтарын балалар көрсін. Жасай берсін еліміз, аман болсын, заманымыз.

Егіздер қоғамның тынысын, елдегі өзгерістерді жіті бақылап отырады.  Қоғамдық іс-шараларға үн қосып, саяси науқандардан да тыс қалмайды.

Ермек Аймағанбетова:

15 күні бәріміз де таңертең барып, дауыс беріп қолдаймыз. Көп үлкен кісілердің тілейтіні халқымыз, еліміз тиыш болсын заманымыз, нанымыз көп болса, уайымымыз жоқ болса, сол болды ғой бізге.

Тәуелсіздік пен бейбітшіліктен асқан байлық пен құндылық жоқ. Сондықтан, жастар елдің дамуына өз үлесін қосып, білімм ен еңбекті серік етуі керек дейді, - егіз-лебіз.


Бөлісу