Қарулы күштердің әскери қызметшілері референдумға қатысты
Қарулы күштердің әскери қызметшілері де таңдауларын жасады. Ведомствоның мәліметінше, әскери бөлімдер мен мекемелердің аумағында 24 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылып, жеке құрамның маңызды науқанға толыққанды қатысуына мүмкіндік жасалды. Мерзімді әскери қызметтің сарбаздары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарының курсанттары, сондай-ақ әскери госпитальдарда ем алып жатқан әскери қызметшілер тұрақты орналасқан орындарында таңдау жасады. Офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс берді. Ал іссапармен шетелде жүрген әскери қызметшілер, дәлірек айтсақ 2000-нан астам адам өз сайлау құқықтарын елден тыс жерде жүзеге асырып, шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс берді.
Жеке құрамның референдумға қастысуы ұйымдасқан түрде әрі сайлау заңнамасының талаптарына толықтай сай өтті. Әскери қызметшілер, еліміздің барша азаматтары сияқты қабылданатын шешімнің мемлекет болашағы үшін маңыздылығын түсініп, жоғары азаматтық жауапкершілік танытты.
Референдумға біздің қызметтегі әскери қызметшілер өздерінің үлесін қосуда дауыс беріп. Референдумның маңыздылығы біздің әрбір әскери қызметшілер үшін маңызды. Өйткені ол әрбір ҚР азаматының борышы деп ойлаймыз.