Қайраткер Сауытбек Абдрахманов дауыс берді
Астанада референдум өткізу үшін 501 сайлау учаскесі бүгін жұмыс істеп жатыр. Солардың бірінде мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов та таңдауын жасады.
Нөмірі 98-інші учаскесі. Мұнда 2051 тұрғын дауыс береді деп тізім түзілген. 11 байқаушы процесті жіті бақылап отыр. Учаскедегі комиссия мүшелері тұрғындарға дауыс беру тәртібін түсіндіріп, бағыт-бағдар айтып жатыр.
Айжан Мұқашева, 98 учаскесі комиссиясының төрайымы:
Бірінші дауыс беруші сағат алты жарымда келіп алған. Сағат жетіде бір-ақ кіріп, дауысын берді. Жас адам. Одан кейін 18 жасқа толғандар да бар, бірінші рет дауыс беріп, оларға енді сыйлықтарын бердік. Бүгінгі референдумға қатысушылардың легі жақсы. Сондай-ақ бүгінгі көңіл күй де басқаша, наурыздың алдында елдер жақсы көңіл күй мен мейрам деп келіп жатыр.
Бұл учаскеде дауыс беруге келгендердің арасында қайраткер, ел ағасы Сауытбек Абдрахманов та бар.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері:
Конституцияның дайындалу мерзімі ұзақ процесс болды. Оған еліміздің таңдаулы заңгерлері, таңдаулы ұл-қыздары атсалысты. Бірнеше ай бойы бірнеше отырыс өткізіліп, 10 отырыс өткізді конституциялық комиссияның, 8 мыңның үстінде ұсыныс түсті, солар бойынша көптеген баптарға өзгеріс енді. Міне енді халықтың талқысына шығарылып отыр.
Қайраткер жаңа конституция жайлы бірнеше мақала жазып, тарихи оқиғаға өз үнін қосқан. Оның айтуынша, әр адамның дауысы маңызды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыД.Қамзабекұлы: Келешек үшін дауыс бердік
15.03.2026, 15:04
«Еxit pool» өкілі: Өскемен халқының белсенділігіне таңмын
15.03.2026, 15:03
Қызылорда облысын 2258 байқаушы бақылап отыр
15.03.2026, 15:02
Референдум ел болашағы үшін маңызды
15.03.2026, 15:01
Президент референдум барысында пікірін айтты
15.03.2026, 15:00
ОРК: Құқылы азаматтардың жартысына жуығы дауыс берді
15.03.2026, 14:32