Жалпыұлттық коалициясының астаналық штабы 1200-дей кездесу өткізген
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабы Конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндіретін кездесу жұмыстарын аяқтады. Осы уақыта дейін штаб қала бойынша 700 мыңнан астам адамды қамтыған 1200-ге жуық іс-шара өткізді.
Коалиция құрамына 5 саяси партия мен 100-ден аса қоғамдық ұйым өкілдері кіреді.
Штаб өкілдері бір ай бойы өндіріс орындарының қызметкерлері, әскерилер және
қоғам белсенділермен кездесіп, жаңа Конституция жобасының басымдықтарын
талқылап, дұрыс ақпарат беруге тырыстық дейді.
Ерлан Каналимов, Жалпыұлттық коалицияның қалалық штаб төрағасы:
Коалицияның басты мақсаты – мынау әлеуметтік желіде әртүрлі дұрыс емес ақпараттар шығарылады, сондықтан да халыққа болып жатқан өзгерістерді нақты түсіндіру болды, салыстырмалы түрде. Астана тұрғындарының дауыс беруге құқысы бар азаматтардың біз 80 пайызын қамтып өттік.
Қалалық Штаб басшысы саяси науқаннан қалыс қалмай, өзі де таңдауын жасауға
келіпті. Мұнда тізім бойынша 2 мыңнан аса дауыс беруші тіркелген. Арасында
еңбек адамдары, қариялар мен жастар да бар.
Томирис Сартбаева, қала тұрғыны:
Менің жасым 18-де, бүгін бірінші рет келіп тұрмын отбасыммен бірге. Дауыс беру әр азаматтың борышы. Мен өз таңдауымды жасадым. Темірболат Есалиев, қала тұрғыны:Қалай үйде жатамыз бізде осы Қазақстанның бір азаматы мен азаматшасымыз. Бүкіл халық дауыс беріп жатқан кезде жасымыз үлкен деп шалқайып үйде жата алмайық деп біз де үлесімізді қосайық деп дауыс беруге деп әдейі келдік.
Айта кетейік, штабтың кездесу жұмыстары барысында халықтан 1 мыңға жуық ұсыныс
жиналған.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07