Облыс әкімдері дауыс берді
Бүгінгі референдумда облыс әкімдері де дауыс берді. Олардың барлығы да түске дейін халықпен бірге қатысып үлгерді.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараздағы №35 референдум учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы бұл күн ел тарихы үшін ең маңызды екенін атап өтіп, әрбір азаматты бүгін белсенді болуға шақырды. Жалпы Жамбыл облысында 513 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Аймақта бұгінгі референдумда дауыс беруге құқылы 722 мыңға жуық адам бар.
Қызылорда облысы
Ал Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Өңір басшысымен бірге Еңбек Ері Абзал Ералиев те қатар келіп таңдауын жасады. Сыр өңірінің халқы бүгінгі референдумда ерекше белсенділік танытуда. Барлық учаскелерде адам қарасы көп. Әсіресе жастар жағы белсенді.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы 16-шағын аудандағы нөмірі 68-ші референдум учаскесінде өз таңдауын жасады. Аймақ бссшысы таңмен таласа келіп еліміздің болашағы үшін дауыс беріп жатқан мұнайлы тұбек тұрғындарына алғысын білдірді.
ШҚО
Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бүгінгі референдумға
отбасымен бірге келді. Өңір басшысының ата-анасы да бірге дауыс берді. Жалпы
шығыста бүгін 533 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңдау жасауға келіп
жатқан халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Меркелік бағдарлама әзірленіп, ауыл-шаруашылығы
өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Таңертеңнен бері көпшіліктің дауыс беру қарқыны өте жақсы. Сырттай көріп қуанып отырмыз. Біз де келіп Қазақстанның азаматы ретінде өз даусымызды, болашаққа деген даусымызды, жарқын болашаққа деген даусымызды беріп шығып келе жатырмыз.