Шетелдік байқаушылар: Халықтың белсенділігі жоғары
Референдумның ашық әрі әділ өтуін бақылауға ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқау миссиясынан 58 өкіл келді. Байқаушылардың бір бөлігі елордадағы 128-ші референдум учаскесінде жүр, олар таңғы 7-ден мониторинг жүргізіп жатыр. Мұнда тізім бойынша 1976 дауыс беруші тіркелген. Шетелдік байқаушылар дайындық үшін Астанаға 3 күн бұрын келген. Әрбір байқаушы күні бойы кемінде 10 учаскені аралап, референдумның ашықтығын қадағалайды.
Дмитрий Кобидский, ТМД парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы:
Халықтың белсенділігі жоғары. Таңғы 7-ден бастап өз таңдауын жасауға ағылып келіп жатыр. Әсіресе жастардың көптігі қуантады.
Зияфет Аскеров, ТМД парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар миссиясының
үйлестірушісі:
Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Учаскелердегі техникалық-ұйымдастырушылық жоғары деңгейде. Ешқандай ескерту жоқ, барлығы заңға сәйкес өтіп жатыр.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04