Басты Жаңалықтар Әлемдік БАҚ референдум туралы жазып жатыр

Әлемдік БАҚ референдум туралы жазып жатыр

Шетелдік басылымдар елімізде өтіп жатқан референдум жайында хабар таратып жатыр. Мәселен әлемнің ірі әрі беделді Reuters ақпарат агенттігі «Қазақстанда бүгін жаңа конституцияға дауыс беру басталды» деп аталатын мақала жариялады. Көлемді материалда саяси реформа туралы айтылған. 

Сонымен қатар Канаданың жетекші «Файн эншл пост» газетіне «Блумберг» агенттігі жариялаған мақала жарық көрді. Автор конституциялық өзгерістерге тоқтала кеткен. Бұған қоса, учаскелер сағат 7-де ашылатыны, нәтижесін Орталық референдум комиссиясы дүйсенбіде жариялайтыны да айтылған.

Әзербайжанның «Тренд» ақпарат агенттігі де республикалық референдумға мақала арнады. Онда Конституциялық реформаның ел өміріндегі ең маңызды кезең екені айтылған. Дауыс берушілер тізімінде 12 млн-нан астам азамат бар екені де аталып өткен.

Үндістанның «Зе пайниа» газетінің хабарлауынша, референдум халықаралық қауымдастықтың жіті назарында. Жүздеген халықаралық байқаушы мен шетел журналистері шарадан хабар тарату үшін тіркелгеніне тоқталған. Мақала авторының пікірінше, бұл Қазақстандағы саяси реформаларға әлемде қызығушылық артқанын көрсетеді.


Бөлісу