БҚО-да этномәдени бірлестік өкілдері дауыс берді
Ал Батыс Қазақстан облысында этномәдени бірлестік өкілдері Достық үйіндегі референдум учаскесінде таңдауын жасап жатыр. Дауыс беру барысы қалай өтіп жатқанын қазір өңірдегі меншікті тілшіміз Ардақ Мұратқызынан сұрап білейік. Ардақ, Оралда маңызды іс-шара қалай өтіп жатыр? Мерекелік көңіл күй сезіле ме?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек! Иә, Оралда да референдум заң талаптарына сай өтіп жатыр. Әрі бүгін Наурызнаманың екінші күні. Көңіл күйіміз тамаша! Мерекелік атмосфера біз тұрған №230 референдум учаскесінде де сезіледі. Бұл учаскенің ерекшелігі – осы Достық үйінде бірлігі жарасқан түрлі этнос өкілдері келіп, дауыс беріп жатыр. Есік алдына киізүй құрылған. Әсем ән әуелеп, дауыс беруге келген жұрт ұлттық тағамнан ауыз тиіп жатыр. Осы учаскеде 2 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Комиссия мүшелері өз міндеттеріне сай жұмыс істеп жатыр. Байқаушылар да өз орнында. Ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Қазір біз осында дауыс беруге келген «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Залина Әлиеваны сөзге тартып көрелік. Залина, мереке құтты болсын! Сіз өз таңдауыңызды жасадыңыз ба?
Залина Әлиева, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі:
Иә, мен бүгін осы учаскеге келіп дауыс бердім, таңдауымды жасадым. Өзім шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесімін. Біз елімізде ұлтаралық татулықтың нығаюына еңбек етіп жүрміз. Балалармен де жұмыс істейміз. Оларға салт-дәстүр мен мәдениетті сақтауды үйретеміз. Мен болашақ үшін дауыс бердім. Бұл - менің азаматтық борышым деп білемін. Әр азамат өз жауапкершілігін сезініп, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Рақмет көп-көп, пікіріңізге! Ал жалпы облыста дауыс беру құқығы бар 446 мыңнан астам азамат тіркелген. Өңірде барлығы 500-ге жуық референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Азия кубогы басталды
24.06.2026, 13:27
Экологиялық бақылау күшейтілді
24.06.2026, 13:24
Алматылық дәрігерлер баланың бүйрегін аман алып қалды
24.06.2026, 13:21
Қандыағаш қаласында астан уланған адамдар 113-ке жетті
24.06.2026, 13:18
Қызылорда облысында мемлекеттік қызметке жастар араласа бастады
24.06.2026, 13:15
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы
24.06.2026, 13:12
Сенаторлар Трамптан Ирандағы соғысты тоқтатуды талап етті
24.06.2026, 13:09
Түркия қауіпсіздік күштері 209 адамды тұтқындады
24.06.2026, 13:06