Басты Жаңалықтар Учаскелерде мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасалған

Учаскелерде мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасалған

Референдум учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтар дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Ғимараттарда пандустар, көтергіш құрылғылар, тактильді бағыттағыштар, кірер жерде шақыру батырмасы, арнайы автотұрақ орындары қарастырылған. Сондай-ақ учаскелерде мүгедектігі бар азаматтарға арналған бұрыштар бар. Онда құлаққап, референдум туралы ақпараттық материалдар, сондай-ақ ыңғайланған дауыс беру кабиналары орналасқан. Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін брайль қарпімен жасалған бюллетень трафареттері елдегі барлық учаскеге беріліп жатыр. Бұдан бөлек әрбір дауыс беру учаскесінде міндетті түрде аудиобюллетень бар.  Есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін ақпарат ым-ишара тіліндегі видеолармен, ал көру қабілеті бұзылғандар үшін аудиоақпаратпен сүйемелденеді.


Бөлісу