Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қайта жаңғырды
Қарағандыда облыстық тарихи өлкетану мұражайы қайта жаңғырды. Жаңартылған экспозиция терең ғылыми зерттеулерге негізделіп, заманауи мультимедиялық технологиямен жабдықталған. Сақ дәуірінің мұрасы сақталып, қола дәуірінің құндылығы дәріптелген мұражайды тілшіміз көріп келді.
Облыстық тарихи өлкетану мұражайы 1932 жылы салынған. Содан бері бірнеше рет жөнделгенімен, бұл жолғы реэкспозицияның орны бөлек. Себебі, музей толықтай жаңартылып қана қоймай тарихи жәдігерлермен толықты, заманауи қондырғылармен жабдықталды.
Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:
Ертеде болған заманның өмір тіршілігін көрсеткен. Бұл мұражайда біздің ел, Президент айтады ғой 1000 жылдан астам тарихымыз бар, мемлекетіміз бар дегендей соның бәрін дәлелдеп көрсетіп отыр.
Бұл өлкедегі ежелгі темір мен көмір
өндірісі - Беғазы Дәндібай мәдениетінен
бастау алады. Қола дәуірінің ерекше құбылысы тек Қарағанды өңірінде кездеседі.
Және бүгінгі күнге дейін зерттеліп келеді. Ал табылған барлық қазба
байлықтарды осы мұражайдан ғана көре аласыз. Мәдени нысанның тағы бір
ерекшелігі ескінің естелігі жасанды интеллект арқылы жаңғырған.
Рымбала Омарбекова, қоғам қайраткері:
Бүгінгі заманауи музей болып тұр. Жасанды интелектіні пайдалану деген мүмкіндік болмайтын. Бұрын суреттердің барлығы қолдан салынатын. Қазір қай залға барсаң да жасанды интелект арқылы бір басқаша бағыт, басқаша көрініс, басқаша қызығушылық болады екен.
Жоба 2024 жылы басталып кезең-кезеңімен іске асты. Музей экспозициясы 13 залдан тұрады және өңір тарихы көшпелі империялар дәуірінен бастап Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне дейін қамтылған. Қара жерден қара алтын іздеген кеншілер тарихының жазбасы мен көмір шахтасының көшірмесі де осында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы