Наурыз мерекесіне орай елде 1 жарым мыңнан астам іс-шара өтеді
Наурыз мерекесіне орай елде 1 жарым мыңнан астам іс-шара өтеді. Ең ауқымды жобаның бірі – Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылады. Әр күннің тақырыптық бағыты бекітіліп, мейрам кеңінен тойланбақ. Он күндік әдеттегідей 14 наурыз күні Амал мерекесінен басталады. Ал 15 наурыз – Қайырымдылық күні, 16-сы – Мәдениет және ұлттық дәстүр дәріптеледі. Одан кейінгі үш күн – Шаңырақ, ұлттық киім және жаңару күні болып белгіленген. 20-наурызда ұлттық спорт түрлері насихатталса, одан кейінгі тәулік – Ынтымақ күні. Ал 22 наурыз – Жаңа жылдың бастауы. Келесі күн тазалық шараларына арналған. Биылғы мерекелік шараларда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары белсенді қолданылмақ. Ұлттық ойын түрлері қоғамдық орындар мен сауда үйлерінен бөлек, тұрғын үй кешендерінің аулаларында да ұйымдастырылады. Сондай-ақ ел өңірлерінен жеткізілген азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы