Отпан тауда «Бірлік» оты жағылды
Маңғыстаулықтар Амал мерекесін қара таудың ең биік шоқысы - Отпан таудың басында атап өтіп жатыр. Жиналғандар алдымен бірлік пен ықтымақтың белгісіне айналған «Бірлік отын» жақты. Содан соң, аламан бәйге, құнан жарыстар ұйымдастырылды. Дәстүрлі шараға алыс-жақын шет елден де меймандар келді.
Амал мерекесі – Наурыз мейрамының басы. Бұл күні аймақ тұрғындары таңнан бастап көрші-көлеммен, ағайын-туыспен көріседі. Ал, мерекелік шара Отпан таудың басында ұйымдастырылады. Биыл да дәстүр жалғасып, қара таудың басына дүйім жүрт жиналды. Шараның басты ерекшелігі – «Бірлік оты» жағылды.
Амал мерекесі - жылдан жылға ауқымы кеңейіп, халықаралық деңгейде аталып өтуде. Бұл жолы да бауырлас түрік, әзербайжан, өзбек, қырғыз елдерінен делегация келіп, шараның маңызын арттыра түсті.
Энес Аль, Турист:
Амал мерекесін көру үшін Қазақстанға алғаш рет Стамбұлдан арнайы келдім. Таудың басы салқын болса да, жергілікті халықтың ыстық ықыласына көңілім марқайып тұр. Ақ жаулықты аналар байқауын тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм таттық.
Мерекелік шара театрландырылған қойылыммен және «Ана жүрегі – мейірім мекені» атты аналар фестивалімен де ерекшеленді. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.
Нұрнияз Мұқанов, Ақтау қаласының тұрғыны:
Қазақстан бүкіл дүниежүзіне қарағанда, бұрынғы ТМД елдеріне осы бірлігімен, татулығымен, бейбітшілігімен ерекшеленеді. Бүгінде күн ерекше жарқырап, халықтың барлығы көңіл күйі тамаша.
Аламан бәйге, топ бәйге, құнан жарыс, қазақ күресі сияқты ұлттық спорттар мерекені қыздыра түсті. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы