Биыл тағы 2300 шақырым жолды жөндейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында көлік-транзит саласына тоқталып, бұл бағыттың маңыздылығын атап өтті. Осы ретте, біз атқарылған жұмыс пен алдағы жоспарды бір шолып өтсек. Қазақстанда 95 мың киллометр автомобиль жолы бар. Оның ішінде 25 мың шақырымы республикалық, 70 мыңы облыстық және аудандық жол. Былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, оның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тас жол жөндеуден өтті. Биыл тағы 2 300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде осындай 32 мың киллометр жол нормативтік талапқа сай болмақ. Қазіргі уақытта Ақтөбе – Ұлғайсын, Сарыағаш және Қызылорда қалаларының айналма жолдарын қайта жаңарту бойынша отандық мердігер ұйымдар анықталып, осы айда құрылыс жұмыстары басталмақ. Ал «Орталық–Батыс» жобасы бойынша дайындық жұмыстары пысықталып, көктемнің соңына дейін құрылыс басталады. Бұдан бөлек, апаттық жағдайда тұрған 53 көпірді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Темір жол бойынша атқарылған жұмыс аз емес. Былтыр мың жарым шақырым шойын жол салынып, жөндеуден өтті. Бұл да – рекордтық көрсеткіш. Биыл 3 700 киллометрден астам жаңа теміржол желілері төселіп, пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 124 вокзалды жаңғырту жұымысы аяқталатынын да айта кетейік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы