Мониторингтік топтар референдум учаскелерін тексеріп жатыр
Қазір ел бойынша референдум учаскелері жабдықталып жатыр. Әр Қазақстан азаматы қиындықсыз дауыс беруі үшін барлық стандарттар сақталуы маңызды. Дайын учаскелерді арнайы мониторингтік топтар мен байқаушылар тексере бастады. Әріптесім толықтырады.
Бұл Солтүстік Қазақстандағы №646 референдум учаскесі. Мұнда 1500-ден астам адам
дауыс бере алады. Тіркеуде тұрған азаматтардың ішінде он үшінің мүмкіндігі
шектеулі. 9 адам таңдауын үйде жасауға өтініш берген. Ал өзгелері кедергісіз
келіп, дауыс бере алуы тиіс.
Александр Бочаров, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ мүшесі:
Бұл қағазда референдумның маңыздылығы туралы жазылған. Мен даладағы тақтаны да Брайль әліпбиінің көмегімен оқып көрдім. Арнайы жолақпен де жүрдім. Барлығы дұрыс. Еш олқылық жоқ. Әзірге 4 референдум учаскесінде болдық. Әлі тағы да басқа жерлерге барамыз.
Жалпы, талап бойынша учаскелерде компьютер, ұлғайтқыш лупа, қосымша
жарықтандыру, Брайль қарпімен трафарет, сондай-ақ Конституция жобасының
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио файлы болуы тиіс. Сонымен қатар, ғимараттар
пандустармен, кіреберісте тактильдік көрсеткіштермен және ішкі навигациямен
қамтамасыз етілуі шарт.
Сәлімхан Сәббитов, қалалық мәслихат депутаты:
Референдумға аз ғана күн қалды. Сол себепті біз референдум учаскелеріне мониторинг жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде де, басқа референдум учаскелерінде де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық қажетті жағдай жасалған.
Референдум
күні Петропавл қаласында 97 референдум учаскесі жұмыс істейді. Дауыс берушілердің саны 150 мыңнан асады. Еліміздің өзге
өңірлерінде де осындай тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00