Мажарстан Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтпақ
Мажарстан Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейім. Бұл туралы Мажарстан Парламентінің депутаты Шандор Ковач, еліміздің осы мемлекеттегі Елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесуінде мәлімдеді. Өзара әңгімеде тараптар екі ел арасындағы парламентаралық, өңіраралық байланысты күшейту жайын талқылады. Сондай-ақ Қазақстандағы Конституциялық реформа, жаңа Конституция жобасы жөнінде пікір алмасты. Депутат заң жобасында мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысу мүмкіндігі кеңейтілгенін атап өтті.
Шандор Ковач, Мажарстан Парламентінің депутаты:
Қазақстан қарқынды дамып келеді. Бұл даму тек инфрақұрылым саласында ғана емес, жалпы елдің жаңғыруында да көрініс табуда. Қазақстан демократиялық даму жолында үлкен қадам жасады. Бұл маңызды өзгерістердің бірі - елдің басқару жүйесінің эволюциясы. Елде бір тұлғаға негізделген Президенттік жүйеден Парламенттік жүйеге жақындай түсу үрдісі байқалады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00