Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
Сауд Арабиясының Жидда қаласынан Шымкентке өткен түнде арнайы рейспен 200-ден астам азамат жеткізілді. Олардың дені қажылық сапарынан оралған. Сондай-ақ Израильдің Тель-Авив қаласынан келгендер де бар. Әуежайда жолаушыларды туған-туыстары қарсы алды. Өзге өңір тұрғындары таңғы рейстермен ұшып кетсе, жақын аймақтан келгендер үшін арнайы көліктер ұйымдастырылды. Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 9,5 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды.
Гүлдерайым Сәрсенбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
Ақтөбеден Израильге емге бардық, операцияға. Жарылыс болып, сирена қосылды. Сосын баламен астына түсеміз қайта-қайта. Елшілік бізге көмектесті, осылай елге қайттық. Иә, енді өзіміздің елге оралып, аман-сау келгенімізге шүкір деп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы