Басты Жаңалықтар Жыл басынан бері Астанада 152 рет өрт болған

Жыл басынан бері Астанада 152 рет өрт болған

Жыл басынан бері Астанада 152 өрт болған. Олардың 20 пайыздан астамы жеке тұрғын үй секторында тіркелген. Өрттің негізгі себептері жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау. Сондықтан қаланың әр ауданында қазір профилактикалық бақылау шаралары өтіп жатыр. Мысалы, Алматы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы «Қазақгаз аймақ» мамандарымен бірге жеке үйлер мен жатақханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын күнделікті тексеріп жүр. Өйткені бұл ауданда жер үй көп және газ қолданатындар да, пеш жағатындар да бар. Сонымен қоса, газ баллондарын пайдаланатындар кездеседі. Мамандар рейд кезінде газдың үй ішіне таралып кетуін есептейтін құрылғыларды қарап, от жағылатын баспанаға көмірқышқыл газынан сақтандыратын датчиктер орнатып жатыр. Мұндай шаралар 15 сәуірге дейін жалғасады.

Талғат Сейдақов, «QazaqGaz Aimaq» мекемесінің инженері:

Кейбіреулерінде клапан бар. «Сикизе» деп айтады, соны тоқтан ажыратып тастайды. Соны біз түсіндіріп айтамыз, ажыратуға болмайды. Ол негізі қауіпсіздік, сол арқылы газ шығынын анықтап, дереу клапан жабылады да, газдың келуін тоқтатады.


Бөлісу