Жеке деректерді қорғау күшейтіледі
Конституцияның жаңа жобасында қазіргі цифрлық дәуір талаптары ескерілген. Банктік шоттар, телефондағы хаттар мен аудио-хабарламалар – енді бұлардың барлығы заң аясында қорғалатын цифрлық құпия саналады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар сіз туралы қандай ақпаратты пайдаланып отыр? Мұны да арнайы базадан біліп отырасыз. Жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжай, телефон және өзге де деректерді кім, қашан қарағаны – бәрі көрсетіледі. Жауапты министрлік бұл қызметті еGov сайтында немесе «жеке деректерге қол жеткізу журналы» деп аталатын порталда іске қосады.
Цифрлық дәуірге кіріп бара жатқанымыз - ол біздерге, біріншіден, көп мүмкіндік береді, бірақ жаңа жүйелер көп қауіп-қатер де төндіріп жатыр. Сондықтан болашақта мемлекет құзырына алып, соған кепіл ретінде қорғайтыны нақты жазылғанын айтуымыз керек.
Жаңа Конституция жобасында жеке деректерге қолжетімділік деген бап та қосылған. Ол дегеніміз - сіздің жеке деректеріңіз мемлекеттік органдарда қалай қолданылады? Олар қалай сақталады және қай форматта қандай деректер бар екенін де сіздер енді көре алу мүмкіндігіңіз болады.