Алматыда «Қызғалдақ» атты студенттік пленэр басталды
Бұл - еліміздің брэнді саналатын қызғалдақ гүлін суреттейтін қылқалам шеберлерінің жарысы. Шығармашылық байқауға кескіндеме саласындағы үздік жастар жиналған. Олардың қатарында көршілес Өзбекстан, Қырғызстаннан арнайы келген суретшілер де бар.
Барлығы 30-ға жуық жас суретші үш күн бойы Алматы облысының көрікті жерлерін аралап, қызғалдақ гүлдерін майлы бояумен бейнелейді. Үздік жұмыстарды халықаралық деңгейдегі танымал суретшілер бағалап, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі.
Бауыржан Байділдә, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Қызғалдақты біздің еліміздің бренді, біздің ұлтымыздың мақтанышы деп айта аламыз. Өйткені қызғалдақтың 30-дан астам эндемик түрі осы Қазақстанда өседі.
Аманкелді Сейтхан
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30