Бельгиядағы қазақстандық студенттер референдумға белсенді қатыспақ
Бельгиядағы қазақстандық студенттер 15 наурызда өтетін референдумға белсене қатыспақ. Бұл туралы жастар Елші Роман Василенкомен кездесу барысында мәлімдеді. Қазір корольдікте 80-ге жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. Кездесуде Елші жастармен елдің қазіргі саяси, әлеуметтік экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы басымдықтары мен жаңа Конституция жобасы жайлы пікір алмасты. Дипломат Ата заңның жаңа жобасы бойынша референдум азаматтарға өз пікірін еркін білдіруге және елдің болашағы үшін өзекті мәселеге үн қосуға таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті. Жастар да жаңа жобаның басым бағыттарына тоқталып, саяси науқанға белсене қатысатындарын жеткізді.
Әмірлан Нұрбалин, «Qazaq society» студенттер
қауымдастығының президенті:
Мемлекеттік басқаруды жақсарту, Парламенттің рөлін күшейту және вице Президент қызметін енгізу мәселелерін талқыланды. Менің ойымша, бұл кездесу өте пайдалы болды.
Әлімсері Махамбетәлі, Лёвен Католик университетінің 4 курс студенті:
Біз үшін еліміздің болашағы өте маңызды. Сондықтан, референдумға қатысып, Конституциялық құқығымды пайдаланып, дауыс беремін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы