Жаңа Конституция – жастардың болашағына арналған құқықтық кепілдік
Жаңа Конституция – тек саяси реформа емес, жастардың болашағына арналған құқықтық кепілдік. Бұл туралы бүгін «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбындағы сарапшылар платформасында айтылды. Білім алуға, еркін ой айтуға, өзін дамытуға мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыру осы құжаттан басталады. Себебі жаңарған Ата заң жас буынның заң аясында қауіпсіз әрі жарқын өмір сүруіне жол ашады, дейді мамандар. Жиында Парламент депутаттары, саясаттанушылар, ғалымдар, журналистер мен қоғам қайраткерлері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын саралап, қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа қатынастардың мазмұны туралы пікір алмасты.
Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:
Жаңа Конституция жас буын үшін өте маңызды. Себебі бүгін қабылданған заңдар олардың болашағына тікелей әсер етеді. Жаңа жоба жастарға білім беру, ғылымды дамыту және өздерінің адам құқықтарын толық жүзеге асыру салаларында өте көп мүмкіндік пен кепілдік береді. Сондықтан, менің ойымша, жастар қазірден бастап елді басқаруға үйреніп, мемлекеттің тағдырына бейжай қарамай, оны өз қолына алуға талпынуы керек. Ол үшін референдумға қатысып, өздері ең дұрыс деп санайтын шешімді қабылдауы маңызды.
Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғам мен билік арасындағы ең жоғарғы келісім. Оның жаңаруы еліміздің саяси-құқықтық даму кезеңін көрсетеді. Сондай-ақ құжатта заң мен тәртіп қағидасына да бас мән берілген. Ал бұл ел ертеңінің жарқын болуына ықпал етеді дейді сарапшылар.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осындай елдер өседі, өнеді. Осындай елдерде экономика дамиды. Тәртіп сақталатын жерде, заң орындалатын елдерде әр азамат өзінің ұрпағын өсіріп, өндіріп сол жерде қазығын қаққысы келеді. Сондай елге инвесторларда бірінші кезекте заң сақталатын ел ме, тәртібі сақталатын ел ме деп, осындай крийтерилермен баға береді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15