Басты Жаңалықтар Алматыда бір тәулікте 62 жол-көлік апаты тіркелді

Алматыда бір тәулікте 62 жол-көлік апаты тіркелді

Алматыда күні бойы қар жауып, ақ ұлпаның қалыңдығы 27 сантиметрге жетті. Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам зардап шеккен. Күні бойы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әкімдіктің мәліметінше, қала көшелерін тазалауға 75 жедел бригада, 2700 жұмысшы, 1200-ден аса арнайы техника жұмылдырылған. Жолдарға көктайғаққа қарсы қоспа себілді. Алдымен жаяу жүргіншілер жолағы, аялдамалар, өткелдер мен пандустар да қардан аршылды. «Қазгидрометтің» болжамынша, жауын-шашын бүгін тоқтайды. Ал ауа температурасы 6-8 градусқа дейін төмендейді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырса, полиция жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтық сақтауға үндеп отыр.


Бөлісу