Қостанай облысында барлық бағыттағы жол жабылды
Қостанай облысында боран күшейіп, барлық бағыттағы жол жабылды. Кеше төтенше жағдайлар қызметі ауа райының күрт бұзылатынын ескерткен еді. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Мәдина Нағашыбай бізбен тікелей байланыста. Мәдина, боранның басылатын түрі бар ма?
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр!Таңғы бесте басталған бұрқасын қазір тіпті күшейіп, ақ түтек боранға айналды. Синоптиктердің мәлімдеуінше кей жерде желдің жылдамдығы тіпті сағатына 36 шақырымға жеткен. Ауа температурасы -14 көрсеткенімен, өткір желдің әсерімен -30 градус сезіліп тұр. Қаланың ішінде де, сыртта да жол анық көрінбейді. Сондықтан облыстағы 7 республикалық және 10 облыстық маңызға ие жолдар жабылды. Мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді. Ал балалар онлайн форматта оқып жатыр. Ертең де осындай боран болады деген болжам бар.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21