Семейде қала көшелерін су басты
Толассыз жауын мен күрт еріген қардың кесірінен Семейдің көшелерін су басты. Бір тәулікте тұрғындардан 200-ден астам өтініш түскен. Көшедегі көлкіген суда жаяу жүргіншіні айтпағанда, көліктердің өзі әрең қатынауда. Жекеменшік секторда да жағдай күрделі. Шалшық су кейбір аулаларға кіріп, жұртты әбігерге салды. Жағдайды реттеу үшін қала әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Қар суынан қорғануға коммуналдық қызметтен бөлек әскерилер мен құтқарушыларды жұмылдыруға тура келді. Қолда бар техника, су сору құралдары түгел қолданылып жатыр. Қала аумағынан 15 000 текше метрден астам су сорылып шығарылған. Жұмыс әлі жалғасып жатыр.
Әділет Қожанбаев, Семей қаласының әкімі:
Мақсат - жеке үйлер секторына суды кіргізбеу. Сол бағытта жұмыс істеген болатын. Қазір жағдай тұрақталуға жақын. Тиісті техника, арнайы техника жұмыс атқарып жатыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17