Жамбыл облысында 540 адам көші-қон заңнамасын бұзған
Жамбыл облысында заңсыз жүрген 540 шетелдік азамат анықталды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзғандар өңірге жыл басында жұмыс істеу мақсатында келген.
Бірақ құжаттарын тексеру кезінде біразының елде болу мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Кейбірінің жұмыс істеуге рұқсаты жоқ. Тіпті төлқұжаты жоқтар да бар. Шетелдіктер әсіресе әр түрлі құрылыс нысанында, наубайханалар мен зауыттарда жалданып жұмыс істеген. Көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Қырғызстаннан келген. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 22 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Сот шешімімен 125 шетелдік елден шығарылып, 100 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Нұрлан Мырзай, облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы:
Шетелдіктерден Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан азаматтары жұмыс немесе оқу, басқа да мақсатта келеді. Келу барысында заңнаманы бұзады. Содан кейін ел аумағында тығылып жүреді. Сол уақытта құжатының мерзімі өтіп кетеді немесе жоғалтып алатындар бар. Осылардың барлығына құжат жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартып, еліне қайтарылды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16