Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райы күрт бұзылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қарағанды облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабық. Қазір өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы тікелей байланыста, Жандос ауа райы қалай?
Жандос Бақытұлы, тілші:
- Қайырлы күн! Иә, Қонысбек, көктем келді деген қуанышымыз көпке созылмады. Кеше ғана күн райы жылынып, қалың тоңнан қара жер көріне бастап еді, бүгін аяз. Оқушылар қашықтықтан білім алуда. Өңірде республикалық маңызы бар 6 жол учаскесі толықтай жабық. Қаладан сыртқа беттеген жолаушылардың барлығы облыс орталығының іргесінде кептелісте тұр. Тіпті Ошағанды ауылының жанында бірнеше көлік соқтығысып қалды деген ақпарат келп түсті. Қазір полиция басқармасы анықтауда. Демалыс күндері желдің екіпіні артып, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған еді. Бүгін боран тіпті күшейді. Жолға шықпақ түгілі, қарға адым жер мұңға айналып, қала ішіндегі көлік қатынасы да қиындады. Сондықтан құтқарушылар барынша сақ болып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09