«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Бүгін «Наурыз» бағдарламасы бойынша үй алғысы келетіндерден өтінім қабылдау басталды. Науқан 31-ші наурызға дейін жалғасады. Өтінімді Отбасы банктің ресми сайтына кіріп, онлайн форматта бере аласыз. Шарттарына тоқталсақ. Бағдарламаға Отбасы банк салымшылары қатыса алады. Басты талап банктегі шотыңызда кемінде 2 млн теңге жинағыңыз және соңғы 5 жылда атыңызда, отбасы мүшелерінің атында баспанасы болмауы шарт. Ал несие шарттарына келсек, әрленбеген және қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарна 20 пайыз. Таза әрленген үйлердің бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады. Баспана бағасы ең жоғарғы сома өңірлер үшін 30 млн, Астана мен Алматыда 36 млн теңге деп бекітілген. Несие мерзімі 19 жылға дейін. Тұрғын үйлерді Baspana Market порталынан таңдай аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы