Павлодар облысында 26 мыңға жуық мүгедек адам дауыс береді
Павлодар облысында мүгедектігі бар 30 мың адам бар. Олардың 26 мыңға жуығы дауыс беру құқығына ие. Ал 3200 адамға ерекше жағдай қажет. Қазір солардың сұранысына сай референдум учаскелері дайындалды. Яғни, ерекше қажеттіліктері бар дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Мәселен, 1081 адам мүгедек арбасын пайдаланса, 1513 адамның көру қабілеті нашар болғандықтан Брайль әріптерін қолданады. Есту қабілеті төмен адамдарға да дыбыс ұлғайтқыш арнайы аппараты бар. Мүгедектігі бар азаматтардың басым бөлігі Павлодар қаласында тұрады. Сондықтан облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар ғана баратын үш дауыс беру учаскесі арнайы құралдармен жабдықталды. Қазірдің өзінде дауыс берушілердің мекен жайы бойынша қай Референдум учаскесіне келу керектігі хабарланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы