Басты Жаңалықтар Жаңа Конституцияны қолдауға арналған спорттық-мәдени іс-шара өтті

Жаңа Конституцияны қолдауға арналған спорттық-мәдени іс-шара өтті

Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті. Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» мен «Ертіс» командалары арасындағы матч алдында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында Конституцияның негізгі құндылықтары – заң үстемдігі, әділетті қоғам және азаматтардың тең құқығы туралы түсіндірілді. Фан-аймақта интерактивті ойындар өткізіліп, түрлі сыйлықтар ойнатылды. Концерттік кеште елге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, лазерлік шоу фейерверкпен қорытындыланды.

Нұрлан Есенқұлов, айтыскер-ақын:

Біздің рухани бағытымызды айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан ақын болғаннан кейін бір шумақ өлеңмен жеткізсем деп едім.

Мың жылдық бар тарихым, далам дастан
Бірлігің бекем болса бағаң да асқан.
Білім, ғылым, мәдениет, инновация, ең басты құндылықтар санамды ашқан.

Бөлісу