Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» V маусымы қорытындыланды
Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» бесінші маусымы қорытындыланды. Сегіз апта жалғасқан оқуда дәрістер мемлекеттік басқарудың тиімді парадигмасына арналды. Түлектер осы кезеңде жүргізген зерттеу жұмыстарын қорғады. Жиынға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, командалық жұмыстың нәтижелеріне жоғары баға берді. Ұсынылған зерттеулердің мазмұнына, тереңдігі мен жүйелілігіне де тоқталды. Сенат спикері атап өткендей, алған білімді дұрыс пайдаланып, оны Қазақстанның игілігіне бағыттау аса маңызды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жеке даму барысында қалыптасқан барлық дағдыларды ізгі мақсаттарға жұмсау өте маңызды. Оларды елдің дамуына, қоғамның өмір сапасын жақсартуға, оң өзгерістердің бастамашысы болуға бағыттау қажет. Баршамыз бірігіп, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясаты аясында топтасып, Әділетті, инновациялық әрі демократиялық Қазақстан құру ісіне қолдау көрсетуіміз керек. Яғни біздің барлық біліміміз бен кәсіби біліктілігіміз дәл осы мақсатқа қызмет етуге тиіс.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05