Басты Жаңалықтар Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды

Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды

Атыраулық археологтар Алтын Орда дәуіріне тиесілі жаңа тарихи орындарды анықтады. «Сарайшық» музей-қорығының мамандары ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты 5 қалашықтың орнынан 250-ге тарта жәдігер тапты. Одан өзге 14-ші ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын үйлер, цита-дель, және керуен-сарай бөліктерін ашқан. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жалғастырады.

Сарайшықта былтыр 5 жерде қазба жұмыстары жүргізіліп, 150-дің үстінде жәдігер анықталды. Металдан, шыныдан, сүйектен жасалған тұрмыстық және сәндік бұйымдар, қыш ыдыстар. Осы жәдігерлердің ішіндегі ең ерекшесі 14-15 ғасырға тиесілі, Алтын Ордалық қалашықтарда кездеспеген, қоладан жасалған құлып.

Айбек Тұрарұлы, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының бас инспекторы, археологы:

Екі бөліктен тұрады. Мұның ерекшелігі геометриялық пішін мен шөптің арасында қоянға ұқсас жануардың сурет салынған. Бұл енді сол кездегі токарлық станоксіз жасалған. Сандық, қобдиша сияқты дүниелердің кілті болуы мүмкін.

Археологиялық жұмыстардан бөлек қайта жаңғыртылып жатқан ежелгі қала аумағында жаяу жүргіншілер жолы салынып, туристер үшін жайлы орта қалыптасты. Қазба орындары реставрацияланып, көне Сарайшықтың кейпіне келтіріліп жатыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Қазір бұл аумақ толық цифрландырылып жатыр. Мәселен бұл 14-15 дәуірге тиесілі тұрғын-жайлар. Әр қазба жұмысының алдына дәл осындай QR-кодтар қойылған. Яғни бұл жерге келген келуші осылай мобильді телефонға түсіреді, солай толық мағлұмат алады.

Ортағасырлық қақпа, өндіріс орны, тұрғын-жай, хан моласы. Бұл нысандардың барлығы «ҚазҚайта жаңарту» мекемесі арқылы жаңғыртылған. Тарихи орынға келетін туристердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Екі жыл бұрын 18 мың адам келсе, былтыр 28 мыңға жеткен.

Әбілсейіт Мұхтар, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени сузей қорығының басшысы:

Алтын Орда заманы, Алтын Орданың астанасы болған Сарайшықты білгісі келетін, көргісі келетін қалың жұртшылық көп. Бұйырса Сарайшыққа Қасым ханға арналған ескерткіш салыну жоспары бар.

Қарағайлы, Ащысай қорымдарында табылған жәдігерлер мемлекет тарихының тереңде екенінің дәлелі, дейді мамандар. Әр табылған археологиялық олжа Сарайшық қаласының Алтын Орда дәуіріндегі ірі саяси-экономикалық әрі мәдени орталық ретіндегі тарихи маңызын арттыра түседі.




Бөлісу