Басты Жаңалықтар Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады

Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады

Экологиялық мәдениетті ерте бастан қалыптастыру қажет. Семейдегі «Өрлеу» балабақшасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында арнайы бағдарлама енгізіп, балаларды табиғатты аялауды үйретіп, тазалыққа баули бастады. Балабақшада Реджио педагогикасына негізделген білім беру бағдарламасы қолданылады. Балғындар қалдықтарды сұрыптауды, өсімдіктерге күтім жасауды және табиғатты таза ұстаудың маңызын меңгереді. Тәрбиешілер мен ата-аналардың бастамасымен балабақшада шағын зертхана да құрылған. Онда бүлдіршіндер өсімдіктердің өсуін бақылап, түрлі тәжірибелер жасайды. Мәселен, тамшылатып суару жүйесінің қалай жұмыс істейтінін зерттеп, микроөскіндер өсіреді, экологиялық ыдыстар дайындайды. Балабақша әдістемесін енді басқа мектепке дейінгі білім мекемелері қолданбақ.

Ардақ Қошанова, балабақша меңгерушісі:

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүйелі түрде жұмыстарымыз, іс шараларымыз өткізіліп жатыр. Ең басты мақсатымыз – балаларға тазалықтың маңызын түсіндіру, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.


Бөлісу