Басты Жаңалықтар ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді

ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді

Алматыда ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау басталды. Шара аясында білім беру саласының мыңға жуық сарапшысы онлайн және офлайн форматында бір алаңға жиналды. Ең көп өтінім берген өңір қатарында Батыс Қазақстан облысы мен Жетісу көш бастап тұр. Сайыстың мақсаты – «TopIQ.kz» платформасындағы электронды оқулықтарды тиімді пайдалануды үйрету, дейді ұйымдастырушылар. Қысқаша айтсақ, «TopIQ.kz» қосымшасына бірнеше электронды оқулықтың мазмұны кіріктірілген. Жасанды интеллект сол кітап шеңберіндегі кез келген сұраққа жылдам жауап тауып, оқу материалын тиісті тақырыпқа қатысты өңдеп бере алады. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдейді. Байқауда платформаны пайдаланған педагогтер мен оқушылар өз тәжірибесімен бөліседі.

Гүлмарал Қабдоллашева, «Алматыкітап» баспасының баспасөз хатшысы:

Электронды оқулықтарда интерактивті тапсырмалар, сабақ тақырыбына байланысты бейнероликтер, күнделік деген журнал белсенділігі болады. Сол платформада қалай жұмыс істеп жатыр. Қандай тәжірибесі бар. Сол жөнінде бейнеролик түсіреді. Бір минуттан үш минутқа дейін. Ол бейнеролик үш критерий бойынша қаралады.


Бөлісу