Үздік ұстаздар марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім саласына еңбегі сіңген елорданың үздік ұстаздары арнайы төсбелгілермен марапатталды. Ерлер қауымы көктем лебімен жеткен ерекше мерекемен әріптестерін құттықтап, құрмет көрсетті.
Ұстаздық етуден жалықпайтын жандар үшін бүгін құрметке толы сәт. Күнделікті
бала оқытумен айналысатын олар жұмыстан бір сәт қол үзіп, мерекелік кешке
жиналды. Арасында орталық әдіскерлері мен балабақша тәрбиешілері, мектеп пен
колледж педагогтары бар.
Құттықтау кешінде қалалық Білім басқармасының басшысы ерен еңбегімен еленген
ұстаздарды «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» , «Еңбек ардагері», «Ыбырай
Алтынсарин» төсбелгілерімен марапаттады. Көбі үшін бұл күтпеген сәт болды.
Қуанышгүл Дүйсенова, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, қазақ тілі және әдебиет
пәні мұғалімі:
Дәл бүгін марапатқа ие боламын деп ойлаған жоқпын. Бұның жауапкершілігі өте зор. Мамандыққа деген махаббатымды, балаларға деген сүйіспеншілікті, мейірімділікті одан сайын арттырады деп олаймын. Өзімнің жалпы осы 38 жылғы еңбек жолымдағы бірінші төсбелгім.
Шәкірттерінің
білімін шыңдап, оларға саналы тәрбие беріп, тұлға болып қалыптасуына жол
сілтейтін ұстаздардың еңбегі қашанда өлшеусіз дейді әріптестері.
Нұртас Жағабаев, мектеп директоры:
Бұл біздің әйелдер қауымына деген құрметіміз. Алып та анадан туады. Сондықтан, ең бірінші мақсатымыз – бүгін мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мереке құтты болсын!
Шараның салтанатты әрі әсерлі өтуіне білім саласының ерлер қауымы ерекше
дайындалған. Мектеп директорларының сүйемелдеуімен және білім беру ұйымдары ер
азаматтарының қатысуымен шырқалған хор – әйел қауымына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе
28.04.2026, 21:45
Қызға қол көтерген жігіт ұсталды
28.04.2026, 20:58
Бала қауіпсіздігі - басты назарда
28.04.2026, 20:55
Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
28.04.2026, 20:54
Qostanai tech ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
28.04.2026, 20:53
Бірлік түбі – береке
28.04.2026, 20:52
Зейнеткерлер ойын алаңын күтіп ұстап отыр
28.04.2026, 20:49
2 мың оқушы бір мезетте әртүрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 20:48