Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
Таразда гүл өсіретін студент жігіт бір жылдың ішінде жас миллионерге айналды. 18 жасында кәсіпкер атанған Қайырбек былтыр Нидерланды мен Қытайдан гүл көшеттеріне тапсырыс беріп көреді.
Сөйтіп шетелден көшет күйінде келген бөлме гүлдерін баптай бастайды. Бой алып
өскенін біртіндеп сатуға шығарады. Бастапқыда айына 500 мың теңге табыс тапса,
бүгінде 5 млн теңге пайда түсетінін айтады. Осылайша ол облыстағы ең жас
кәсіпкердің бірі болып отыр. Қазір Қайырбек достары мен туыстарын да тарта
бастаған. Ол 10 адамға жұмыс беріп, 200 мың теңге айлық төлейді.
Қайырбек Байғабыл, кәсіпкер:
Мысалы 8 наурызға 15-20 млн теңге арасында шығындаған болатынбыз, шамамен жартысын ақтап қойдық. Гүлдерді біз өзіміз баптаймыз, өзіміз өсіреміз. Уақытылы суғарып. Бізге қолайлысы қазір гүлдемейтін гүлдер, оның ішінде Шефлера, Макла Макфикус, Фикус Бэнжемин сияқты Фикустың басқа да сортты гүлдері ол ешқандай да гүл ашпайды. Тек дәу тал болады.
Қайырбек өз күшімен салған жылыжайда 50 түрлі гүлдің 6 мың данасы жайқалып тұр. Басым бөлігі салқынды сүйеді. Сондықтан Гардения, Цикломен гүлдері минус 10 градуста да солып қалмайды. Жас кәсіпкер гүл өсіруді алғаш анасынан үйренгенін айтады. Анасы біраз жыл бұрын бақша мен бөлме гүлдерін өсірген екен.
Шолпан Сабыртаева, кәсіпкердің анасы:
Менің балам кәсіпке ерте бастан келді. Ол кезде небәрі 10-шы сыныпта оқитын. Бізге ақыл айтып, мама былай өсірсек қалай болады. Былай істесек қалай болады деп. Балам 18 жасында толығымен кәсіпті қолына алды. Енді ештеңені уайымдамаймыз. Осы бала ары қарай дөңгелетіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы