Басты Жаңалықтар Ата Заң азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғайды

Ата Заң азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғайды

«Жаңа Конституция жобасында азаматтардың бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілген. Адами капитал, білім мен ғылым қоғам дамуының қозғаушы күші ретінде көрініс тапқан». Ел болашағы үшін маңызы зор құжатты талқылап жатқан ел тұрғындарының пікірі осындай. Олардың айтуынша, Мемлекет азаматтардың материалдық игіліктерін қорғауға кепіл болады. Бұл – болашаққа деген сенімнің көрінісі.

Сауалнама:

- Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды деп нақты айтылған. Енді сот шешімінсіз әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін мысалы, ол адамның бір төлемеген қарыздары болуы мүмкін. Соның барлығы толық анықталып, сот шешім шығарып, содан кейін ғана жол беріледі деген. Бұл не деген сөз, бұл алдағы уақытта мысалы кез-келген тұрғынның, кез-келген азаматтың үйсіз қалмауына бірден-бір жасалған көмек.

- Азаматтардың өзінің меншігіндегі мүлкін абсолютті түрде қорғауына мүмкіндік береді. Сот шешімінсіз ешкімді де мәжбүрлі түрдде үйінен шығаруға рұқсат жоқ деген сөз. Және құқықтық тұрғыдан бөлек мемлекет бұл норманы қзгерті арқылы жалпы еліміздің мемлекеттік әлеуметтік функциясын жүзеге асырады.
 
23-ші бапта адамның сөз еркіндігі шығармашылық техникалық ғылыми еркіндігіне кепілдік беріледі деп айтылып отыр. Бұл адамдардың, ғылымның маңыздылығын арттырады деп ойлаймыз. Және де еліміздің болашағы тек қана оның минералды шикізат қорларында емес, адамның капиталында екенін анық көрсетеді.


Бөлісу