Павлодар облысында газ баллондары бар нысандар жаппай тексеріледі
Павлодар облысында газ баллондары орнатылған нысандар бір апта ішінде жаппай тексерілетін болды. Мәселені өңір басшысы жеке бақылауына алды. Ал тұрмыстық жағдайда қолданылатын газ баллондары тегіс есепке алынып, айрықша номерлері бойынша цифрлық тіркеу жасалады. Есепте жоқ баллондарды сатқандар мен пайдаланғандарға айыппұл салынады.
Бұдан былай шалғай елді мекендерде арнайы қызмет өкілдері апта сайын рейд өткізеді
Жанаргүл Тогтох, Мойылды ауылының тұрғыны:
Айында бір рет аламын газды. Әр апта сайын бізге сатуға әкеліп тұрады. Сонда алып отырамыз. Запасқа газ баллон бар, соған ауыстырып отырамыз. Ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Бір рет қана резеңкесі бос болды. Соны ауыстыруға өздері жаңа резеңкесін әкеліп береді.
Елімізде орталықтандырылған көгілдір отынмен мүлдем қамтылмаған аймақтың бірі – Павлодар. Бұдан бөлек қолданыстағы газ құятын темір құтылардың дені 40 жылдан бері ауыстырылмаған. Ал қалаға қатынап тұратын кейбір ауыл тұрғындары бос баллонды ала келіп, газ құю бекеттерінен толтырып алады. Бұл ешбір ережеге сай келмейді.
Мақсат Жұмабеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Жыл басынан бері 32 газ толтыратын станция уақытша тоқтатылды. Негізгі мәселе қауіпсіздік ара қашықтығының сақталмауы. Яғни газ құятын станциялар құрылыс нормаларына сай келмейді. Осындай заң бұзушылықтар анықталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы