Басты Жаңалықтар Президент әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады

Президент әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас қазақ елінің әйелдер қауымын халықаралық төл мерекесімен құттықтады. Ғылымда, өнерде, спортта, денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік қызметте, бизнесте және ел өмірінің басқа да маңызды салаларында табанды еңбек етіп жүрген әйелдер мен қыз-келіншектерге марапаттар табысталды. Олардың қатарында «Отан», «Еңбек даңқы» , «Барыс», «Парасат», «Құрмет»  ордендері мен «Шапағат»,«Ерен еңбегі үшін» медалі, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұстазы сияқты марапат түрлерінің иелері бар. Президент халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген ел екеніне екпін түсіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен сіздерді, халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын.


Бөлісу