Елорда мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілмеген
Астана мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты әлі енгізілмеген. Қалалық білім басқармасындағылар жаңа мәзір бөлінген бюджет есебіне сай болмай шыққанын мәлімдеді. Ал тамақтану қауымдастығының өкілдері бұл оқушылардың сапалы тамақтануына кері әсер етуі мүмкін екенін айтады. Былтыр қыркүйектен бастап Қазақстанда мектептегі тамақтанудың жаңартылған стандарты күшіне енген еді. Алайда, Астана - бұл стандарт толық енгізілмеген жалғыз өңір. Жаңа мәзірде ет және сүт тағамдары, жеміс-жидек көбейтіліп, жылқы еті мен бұршақ дақылдары қосылған болатын. Қазір тамақ мәзірін қысқарту мәселесін қарастырып жатыр. Жаңа оқу жылында оқушылардың тамақтануына 14 миллиард теңге бөлінген.
Бекарыс Мұсахан, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Бюджет бекіткеннен кейін есеп жасаған соң бізге белгілі болды, жаңа менюді жаңа бағамен кіргізу – ол бюджетке тағы да ауырлық түсетін болды. Сондықтан біз пока өзіміз денсаулық басқармасына ұсыныс жасадық. Біздегі бар бюджетке қарай менюді қарастырып берсеңіздер.
Марина Лаптева, «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың республикалық бірлестік өкілі:
Балалар 2024 жылы бекітілген рацион бойынша тамақтанып жүр. Бұл қазіргі тамақтану нормасына сай емес. Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған 4 түрлі мәзірді бекіткен болатын. Бірақ Астана мектептерінде бұл талаптар орындалмай жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы