Қостанайда 260-тан аса оқушысы бар мектеп карантинге жабылды
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында ауыл мектебі карантинге жабылды. Облыстық Білім беру басқармасының мәлеметінше, ондағы асхана қызметкері бұрын туберкулез жұқтырған болып шықты. Оған қоса жұмысқа заңсыз қабылданғаны анықталған. Мектепте 1-11сынып аралығында барлығы 268 бала білім алады. Қауіпсіздік шараларына байланысты енді олар уақытша онлайн форматқа көшті. Қазір ғимарат іші толық дезинфекцияланып жатыр.
Гүлім Досымова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау мамандары тексеріс бастады. Нәтижесі келесі апта шығады. Ауру жұқтыруы мүмкін адамдар дәрігерлердің бақылауында. Қазір ұлттық экспертиза қызметкерлері асхана мен ғимарат ішін толық залалсыздандырып жатыр. Жағдай толық бақылауға алынды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21