Басты Жаңалықтар Коалиция мүшелері Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Ал Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысы тұрғындарымен кездесті. Жиынға өңір белсенділері, өндіріс саласының мамандары және жастар қатысты. Сарапшылар жаңа Конституция жобасының негізгі құндылықтарына тоқталды. Олардың айтуынша, құжатта әділет пен заң үстемдігі, ғылым мен білімнің дамуы, сондай-ақ адамға бағытталған мемлекет құру қағидаттары көрініс тапқан. Сонымен қатар адамның абыройы мен заң алдындағы теңдігі, кемсітушілікке жол бермеу және қоғам бірлігін нығайту мәселелері де айқын көрсетілген. Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция ел дамуына жаңа серпін беріп, азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді деген пікір білдірді.

Қобланбек Кожин, Павлодар қалалық Мәслихатының төрағасы, қалалық коалиция штабының жетекшісі:

Жеке деректердің қорғалуы дейміз, 23-бапта сөз бостандығы мен цензураға тыйым салынғанын айтамыз. 30-бапта отбасылық құндылықтар туралы айтылған. Ата-ананың балаларға деген жауапкершілігі одан кейін балалардың ата-анаға деген 4-тармағындағы жауапкершілігі. Жұмысқа қабылетті балалары мынау жұмысқа қабылетсіз ата-аналарын күту керек деген. Қазіргі қолданыстағы бар ата заңымызда ондай баптар болмаған. Ата заңымызда осыдан былай қарай Қазақстан халқы тек қана референдум арқылы ғана өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді деп жазылған.
Бөлісу