«Шығыс шақырады» бағдарламасы қабылданды
«Шығыс шақырады» биылдан бастап оңтүстік облыстардан осы өңірге көшіп баратын отбасылар үшін арнайы бағдарлама қабылданды. Жобаға сәйкес әрбір адамға қаржылай көмек көрсетіліп, жұмыспен қамтылады. Ал жеке кәсіп бастағысы келетіндерге үш миллион теңге қайтарымсыз грант беріледі. Ал соңғы үш жылда аймаққа 2 мыңнан астам адам көшіп келді.
Шымкенттен шығыстың ең шетіндегі ауылға қыс ортасында көшіп келген Лесбай Танашов бастапқыда қорыққанын жасырмайды. Өйткені кез келген көбалалы отбасы мұндай тәукелге бармайды. Дегенмен Ақбұлақ ауылына келген бойда баспаналы болды. Жұмысқа да орналасты. Қазір біртіндеп тірлігін тіктеп жатыр.
Лесбай Танашов, Ақбұлақ ауылының тұрғыны:
Қораны жөндеп, осы жерде мал ұстап, кәсіппен айналысып, бала-шағаны асырап өсек деп жатырмыз. Сол үшін келдім. Енді бәрі жақсы болады деген ойдамын.
Бәрі жақсы болу көшіп келген отбасы үшін ең басты мәселе жұмыс пен баспана. Арайлым Шарапиева былтыр күзде Күршім ауданындағы Барақ батыр ауылына Талдықорғаннан қоныс аударған. Келген бойда балабақшаға жұмысқа тұрды.
Арайлым Шарапиева, Балабақша тәрбиешісі:
15 баланы тәрбиелеп жатырмын. Бес баланың анасымын. Балаларым осы жерде мектепке барады. Келгеніме өкінбеймін. Ауыл да, ұжым да жақсы қарсы алды. Күйеуім аздаған мал шаруашылығымен айналысып жатыр.
Былтырдан бері тек Күршім ауданына келген 16 отбасына баспана берілді. Жеке кәсіп ашқысы келетіндерге қайтарымсыз грнат және пайызы төмен несиеде беріледі. Тек тірлігін тіктеуге әр адамның өзі де мүделлі болуы керек.
Әсет Зейнелғабиденов, Күршім аудандық Мансап орталығының директоры:
Жалпы қоныстанып келген отбасыларға айтарым мемлекет тарапынан бір реттік көмек көрсетті ғой. Жолақысын және тұрғын үй алып береміз. Жұмыспен қамтылуы әр адамның өзіне байланысты. Яғни кәсібін ашу. Өзінің дамуына өзі үлек қосу керек қой.
Оңтүстіктегі жылы өлкесін тастап, көшті бастап, келген отбасылар шығыстағы шекаралық аудандарға қоныстанып жатыр.Өйткені шеттегі елдімекендерде түтін саны жыл сайын азайып барады. Ал көшіп келетіндерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылаған.
Альмира Мусинова, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:
Осы көшіп келіп жатқандар бағдарлама аясында тоғызыншы, он бірінші сыныптарды бітіретін балаларға оқулық грант беру. Ол біздің Шығыс Қазақстан өңірінде орналасқан колледж немесе жоғары білім беру орындарында қайтарымсыз грант.
Шығысқа соңғы 2 жылда шетелден келген қандастарды қосқанда жалпы 500-ге жуық отбасы келді. Оларға жолақысы толық төленіп, оның сырытында әр адамға 70 айлық көрестікіш есебінде қаржы берілді. Баспанамен қамтылады. Көші-қон биыл да жалғасады. Ал елге, ел қосылса құт.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07