Елімізде сақтандыру нарығы өсіп келеді
Қазақстанда сақтандыру нарығы өсіп келеді. Былтыр елімізде 23 млн-ға жуық сақтандыру шарты жасалған. Ал сыйақы сомасы 1,7 трлн теңгеден асқан. Жиналған қаражаттың ең үлкен бөлігі 426 млрд теңге – зейнетақы сақтандыруға тиесілі. Екінші орында мүлікті сақтандыру – 303 млрд теңге. Ол тұрғын үйді және басқа да нысандарды табиғи апат салдарынан қорғауға арналған. Одан кейін өмірді сақтандыру – 229 млрд теңге және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру – 136 млрд теңге. Ал міндетті автосақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі – 118 млрд теңге. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер халық пен бизнес тарапынан сақтандыру қызметтеріне деген қызығушылықтың артқанын және қаржылық қауіпсіздікке көңіл бөлудің күшейгенін көрсетеді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01