Австриядағы Қазақстан азаматтарын қайтару жолы жеңілдейді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Австрия арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң мақұлданды. 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қойылған құжат заңсыз көші-қонмен және трансшекаралық қылмыспен күрестегі ынтымақты күшейтуге бағытталған. Келісімге сәйкес, екі ел аумағында заңсыз жүрген адамдарды анықтап, оларды қауіпсіз әрі белгіленген тәртіппен өз еліне қайтару рәсімдері реттеледі. Сенаторлардың айтуынша, құжатта реадмиссияға қатысты сұрау салу тәртібі, оны қарау мерзімі, сондай-ақ адамдарды әуе немесе жерүсті көлігімен тасымалдау шарттары нақты белгіленген. Сонымен қатар келісім дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және реадмиссия рәсімдеріне байланысты шығындарды бөлу тәртібін де қарастырады. Құжатты іске асыруға Қазақстан тарапынан Ішкі істер министрлігі, ал Аустрия тарапынан Иммиграция және пана беру жөніндегі федералдық ведомство жауапты болады.
Қаралған келісім екі ел арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы шаралар қабылдау мақсатымен әзірленген. Осы құжат арқылы реадмиссиялау мен транзиттеудің құқықтық тетіктері айқындалып отыр. Бұл заң екі ел арасындағы ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы